Ақпараттық ағын және жаңа технологиялар әлемінде Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесіндегі екпін сыни ойлау дағдыларын дамытуға негізделген: алынған білімді түсіну, талдау, бағалау, өмірде қолдану үшін жаңа білімді тиімді түсіндіру мен аргументациялау және синтездеу. Сіздердің назарларыңызға жеке білім беру бағдарын құру, кәсіби және мансаптық өсуді құрастыру, сондай-ақ оқытудың тиімділігі бойынша заманауи зерттеулер сияқты идеялар мен әдістер ұсынылады.
35497Глоссарий
Дидактика – бұл оқыту процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін (оқыту заңдылықтары, қағидалары, әдістері) зерттеуге және ашуға, сондай-ақ оқытудың жаңа принциптерін, стратегияларын, әдістемелерін, технологиялары мен жүйелерін іздеуге және әзірлеуге бағытталған педагогика саласы.
Білім алу – бұл жаңа бағдарламалар мен одан әрі оқыту мақсаттарына сәйкес әртүрлі психологиялық қайта құрулар мен соған оқушылардың ішкі дайындығы.
Оқыту – білім беру стандартында күтілетін нәтижеге сәйкес келетін білім, білік және дағды жүйесі.
Көрнекілік қағидасы – көрнекілік ретінде берілетін ақпаратта нақтылық және дерексіздік арасындағы кеңістікті толтыру.
Жүйелілік қағидасы – жүйелілік ретінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін мақсатты түрде реттеу.
Шектеу қағидасы – білім алушылардың белсенділігі мен дербестігі немесе олардың педагогқа тәуелділігін шектеу.
Теория мен тәжірибенің өзара байланысы – оқытудың мақсаттары мен нәтижелері арасындағы қарым-қатынастың тиімділігі.
Қолжетімділік қағидасы – барлық білім алушылардың таным мен оқу процесінде қиындықтарды жеңу үшін жағдай жасау ретінде қолжетімділігі.
Қолдаушы оқыту – адамды күнделікті мәселелерді шешуге дайындауға негізделген және негізінен адам өмірі мен қызметінің қолданыстағы жүйесін қолдауға арналған.
Оқыту теориясы – «оқыту-оқу» негізгі дидактикалық қарым-қатынасты түсіндірудің және ашудың ең жоғары деңгейі болып саналады.
Глоссарий
Дидактиканың негізгі міндеті – өзара қарым-қатынасты оңтайландыру және туындайтын қайшылықтарды жеңу мақсатында оқу мен оқыту бірлескен процесін ұйымдастыру стратегиясын құрастыру.
Глоссарий
«Тәжірибеден теорияға» − зерттеулер, эксперименттер, мәселелерді шешу, содан кейін теория.
«Өмірге керек білім» – химиялық білім, өмірге керек білік және дағды.
«Материалдық дүниенің бірлігі мен көптүрлілігі» – химиялық, білім мен іскерлікті ойлау, Білім әлемі туралы бірыңғай түсінікке байланыстыру: визуалды, аудиальды, кинестетикалық, дигиталдық.
«Әуестенумен оқыту» – академиялық білімді өмір қабатына ауыстыра отырып оқыту, өзара оқыту тәсілдерін, сыни, креативті және аналитикалық ойлауды дамыту стратегиясын пайдалана отырып, өмір сүру қабатына көшіру.
«Табыс жағдайы» – сыни және креативті ойлауды дамытумен біріктірілген танымдық іс-әрекеттегі табыс жағдайын жасау.
«Білім-өнім» – әрі қарай үздіксіз білім беру үшін және өмірде қолдану үшін құндылығы бар білімді өнімді басқару технологиясын қолдану.
Глоссарий
Білім берудегі дербестік − бұл нақты оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын, әрқайсысына тән ақпаратты меңгерудің әртүрлі мүдделері мен тәсілдерін ескере отырып, оқыту процесін құру болып табылады.
Дербестік − саналы білім, өз бетінше білім алу және оқу үшін пәндерді таңдау мүмкіндігі.
Глоссарий
Сыни ойлаудың негізгі дағдыларының тізімі − бақылау, түсіндіру, талдау, қорытынды, бағалау, түсіндіру, метатаным.
Сыни ойлау психологиясы − негізделген қорытындыларды тұжырымдай отырып, заттар мен оқиғаларды талдау үшін пайдаланылатын және негізделген бағалауды, түсіндіруді шығаруға, сондай-ақ алынған нәтижелерді жағдайлар мен проблемаларға дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін пайымдаулар жүйесі.
Сын тұрғысынан ойлау − өзінің ой-өрісін бағалай білу және кез келген субъекті үшін шынайы, ашық, дәйекті, талдауға қабілетті, ой-пікірге сенімді және шешім қабылдауға ақылға қонымды болу ниетін оқыту мен дамытуды болжайды.
Глоссарий
Сыни ойлау − бақылау, тәжірибе, ойлау немесе пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеу үшін тәртіптік тәсілі.
Блум таксономиясының мақсаты − педагогтарды оқытудың тұтас түрін құру мақсатында барлық аталған үш салада күш-жігерді шоғырландыруға және назар аударуға ынталандыру.
Білім − фактілерді, шарттарды, негізгі тұжырымдамаларды және жауаптарды көрсету арқылы алдыңғы материалды есте сақтау процесін растау.
Түсіну − материалды бір түрден екіншісіне түрлендіру, материалды интерпретациялау, құбылыстардың, оқиғалардың одан кейінгі барысы туралы болжам жасау.
Қолдану − әртүрлі нұсқаларда жаңа білімді, әдістер мен ережелерді пайдалану.
Талдау – оның мәнін жақсы зерделеу немесе ойластыру үшін тұтас объектіні ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу процесі.
Синтез – бұрын бөлінген ұғымдарды тұтас етіп біріктіру процесі.
Бағалау (Эволюция) – белгілі бір өлшемдер мен стандарттар негізінде объектінің қадір-қасиетін, жеткіліктілігін, құндылығын, маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын айқындау процесі.
Глоссарий
Білім берудің мақсаты – сыныптан тыс жағдайларда білімді қолдану мен пайдалануды қамтамасыз ете отырып, оқушының пәнді неғұрлым іргелі біліміне қол жеткізуіне септігін тигізеді.
Глоссарий
Жас ерекшелік психологиясы − бұл онтогенездегі психиканың даму теориясы.
Жақын даму аймағы − бұл ересектердің басшылығымен шешілетін міндеттердің көмегімен анықталатын, баланың өзекті даму деңгейі мен мүмкін даму деңгейі арасындағы қашықтық.