Выберите регион
KZ RU
Выберите регион
Русский
Қазақша
Регистрация Вход
Главная Отзывы пользователей

Отзывы пользователей

Пранов Динмухамед Кувандыкович
Құрметті  jumys.sitcen.kz –бағдарламасы! Мен Пранов Динмухамед Кувандыкович сіздерге өз атымнан үлкен алғысымды білдіре отырып, сіздердің бағдарламаларыңызға ризашылығымды айтқым келеді. Мен қаламыздағы №8 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебіне денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызметке орналастым. Мен  қызметке осы бағдарлама арқылы орналастым. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламызда осындай  sitcen.kz – бағдарламасы қолға алынып, көптеген жұмыссыздарды жұмысқа орналастырды. Осы sitcen.kz – бағдарламасы білімімен еліміздің дамуына және көтерілуіне өз септігін тигізді деп ойлаймын. Болашақта өз мектебіме адал қызмет ете отырып, жаңа технологияларды меңгеріп, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытып, жас маман ретінде өзімнің үлесімді қосқым келеді. Jumys.sitcen.kz - бағдарламасында барлығы әділ түрде жүргізіледі. І – кезеңде тест тапсырмалар беріліп, тест жұмысын орындадық. Соның нәтижесінде тест қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш деңгейін көрсете білдім. ІІ кезеңінде сұхбаттасу түрінде комиссия мүшелерімен сұрақ –жауап жүргізілді. Сол сұхбат барысында жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Комиссия төрағасы: Марина Таукебаева Комиссия мүшелері: Акбар Искаков, Тәңірбергенова Гүлжанат, Асан Телқожаев Комиссия хатшысы: Кахраманова Дильнура Осы апай, ағайларға өз атымнан алғысымды білдіргім келеді. Болашақта sitcen.kz- бағдарламалар жиі ұйымдастырылып – жастарымыздың өз болашақтарын таңдауына дұрыс бағыт – бағдар беріп, жол сілтесе әрбір Қазақстан азаматы өз үлесін қосар еді. Сіздерге шын жүрегіммен лебізімді айта отырып, қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Ізгі тілекпен:  денешынықтыру пәні мұғалімі Д. Пранов
г.Туркестан
Мұратбекқызы Гүлмарал
Мен, Мұратбекқызы Гүлмарал sitcen.kz бағдарламасы арқылы Кешкі мектеп- коммуналдық мемлекеттік мекемесіне іс-жүргізуші болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа орналасу барысында sitcen.kz бағдарламасы бойынша 18.09.2018 жылы психология және педагогика пәндерінен тест тапсырдым. Тестілеу барысы комиссия мүшелерінің жіті қадағалауында болды. Нәтижесінде 60 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап беріп, келесі әңгімелесу кезеңіне жолдама алдым. Әңгімелесу кезеңінде мектеп директоры М.Божбанбаев, қалалық білім бөлімінен А.Искаков, Г.Тәңірбергенова, Р.Үрімова комиссия мүшелері болды. Бұл кезеңде 17 ұпайға ие болдым. Тестілеу әділ және жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Тестілеудің арқасында білімімді шыңдадым деп айта аламын.
г.Туркестан
Елемесова Азиза Мамытовна
Маған. Елемесова Азиза Мамытовна Jumys.sitcen.kz арқылы жұмысқа орналасу мен үшін өте ыңғайлы болды. Өзім армандаған жұмысыма қол жеткіздім.  Қазіргі таңда Ағылшын тіл пән мұғалімі болып жұмыс жасаймын.
г.Арысь
Қарсыбай Нұрмұханбет Жұмабайұлы
Мен, Қарсыбай Нұрмұханбет Жұмабайұлы jumys.sitcen.kz сайтына тіркелу  арқылы тест  тапсырып, өз мамандығым бойынша жұмысқа кірдім. Барлығы әділ өтті. Маған осы жүйе қатты ұнады. Қазір Математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын.
г.Туркестан
Көпбаева Құндыз Ибадуллақызы
Мен, Көпбаева Құндыз Ибадуллақызы онлайн түрде тест тапсырмаларын ойдағыдай тапсырып, мамандығым бойынша жұмысқа қабылданғаныма қуаныштымын. Осы жүйе арқылы мұғалімдердің жұмысқа орналасуы ыңғайлы, әрі әділ жүйе екендігіне көз жеткіздім.
г.Арысь