Отзывы пользователей
Мен, Назарова Диана Ерғалиқызы Jumys SmartNation бағдарламасына өз алғысымды білдіргім келеді. Осы бағдарлама арқылы өз мамандығым бойынша,қаламыздағы №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебіне Jumys SmartNation жүйесі арқылы тіркеліп арқылы тест тапсырып, ойдағыдай көрсеткішке қол жеткізіп, бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Мен үшін бұл бағдарлама өте ыңғайлы болды және әр кезең әділ өткені қатты қуантты. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының дамуына Jumys SmartNation порталының қосып келе жатқан үлесі орасан зор екендігіне, әділ жүйе екендігіне көз жеткіздім.
Құрметті Jumys SmartNation бағдарламасы! Мен, Хасенов Қайсар Курмангалиевич сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Өз мамандығым бойынша №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа орналасу барысында ең алдымен тестілеуден өттім,тест нәтижесінен соң комиссия мүшелерімен әңгімелесу жүргізілді.Барлық кезең әділ және комиссия мүшелерінің жіті бақылауымен өтті. Jumys SmartNation бағдарламасы көптеген жас мамандардың жұмысқа орналасуына септігін тигізіп келе жатыр. Jumys SmartNation жұмысқа орналасу бағдарламасы жас мамандардың жұмысқа орналасуына өте ыңғайлы. Сіздерге...
Сәлеметсіздерме!? Мен Сағатжан Аяулым Ерболқызы «№6 Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі jumys.smartnation.kz сайты арқылы өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Бұл сайт арқылы үйден шықпай ақ өзіміздің мамандығымыз бойынша жұмыс табу өте ыңғайлы. Және де тестті тапсыру уақыты, қорытындысы жайында уақытылы түрде телефонға хабарлама келіп тұрады. Қолдануға өте ыңғайлы сайт.
Мен Кабулова Нурай Канатовна осы тест арқылы Кентау қаласындағы Ш.Қанайұлы атындағы мектепке орыс тілі пәні оқытушысы болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа орналасарда Jumys Smartnation порталы арқылы тест тапсырып жұмысқа орналастым. Тестке алдын ала дайындалдым және тиісті балды алдым. Тест сұрақтар педагогика психология және мамандық бойынша болды. Тест сұрақтары түсінікті, анық, нақты болды. Тесттен кейін аудан әдіскерлерінің жалпы отырысы болды. Олар маған әдістемелік жағынан және мамандық бойынша түрлі сұрақтар қойды. Мен мүмкіндігінше жауап беріп ол...
Jumys Smartnation порталы арқылы Қызылорда қаласында жүріп, өтінім қалдырдым. Біліктілік сынақ тестінен өтіп қалаған жұмыс орныма қол жеткіздім. Ешкандай пара және ешқандай таныс деген болмады. Өз мақсатыма оңай жетіп, жұмыс иегері болғаным осы порталдың арқасында. Қазіргі таңда, таныстарым мен туыстарыма осы сайтты ұсынып отырамын. Егер шын ниетіңізбен қаласаңыз және біліміңізге сенімді болсаңыз сізге осы портал арқылы қалаған жұмысқа туруға әбден болады.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық-заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» деп атап көрсеткен болатын.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, ғылымды дамыту - бүгінгі білім беру саласының ...
Мен Санай Артықбай Қансеитұлы №25 Жаңа жол жалпы орта мектебіне ситцен порталы арқылы мұғалім болып қабылдандым. Jumys.snation.kz порталы туралы пікірімді айтар болсам, оның тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Менің мамандығыма сай білімді тест арқылы тексеріп қабылдайды.
Болашақта бұл Jumys.snation.kz порталы арқылы қабылданған қаншама үміткерлер білімді, сапалы мұғалімдердің көбейуіне септігін тигізеді. Білімді, сапалы шәкірттер де көп болады деген сенімдемін.
Менің жұмысқа қабылдануым онлайн тест арқылы жүзеге асты. Jumys.snation.kz 1 орынға бірнеше адам...
Мен, Байгундиева Мөлдір Батыралықызы осы ағымдағы жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында орналасқан 83 А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ—ға ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Бұл қызметке орналасуымның өзіндік кішкене тарихы бар. Баяндап айтар болсам, Jumys SmartNation электрондық порталын үнемі назарымда ұстайтынмын. Ондағы жергілікті мектептерде болатын бос орындар конкурсы жарияланатынын білемін. Бірде А.Байтұрсынов атындағы мектепке ағылшын тілі пәнінен мұғалім туралы бос орын лауазы конкурсы болатынынын хабарландырудан оқып, бірден құжаттарымды реттеп, білімімді саралауға кірістім....
Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін интернет порталдары арқылы жұмыс іздей бастадым. Соның ішінде «jumys.snation.kz» порталы арқылы өз түйіндемемді жүктеп, жұмыс іздеуді жалғастырдым. Нәтижесінде №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы орта мектебі, ағылшын тілі пәні мұғаліміне осы портал арқылы вакант жариялап, біз сияқты жастарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда 01.03.2021 ж күнінен бастап №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін. Бұл жұмысқа орналасуымның себепшісі осы «jumys.snation.kz» порталы....
Jumys SmartNation бағдарламасы арқылы Е.Иззатуллаев атындағы КММ-не дефектолог маманы болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа орналасу барысында Jumys SmartNation бағдарламасы бойынша 23.02.2021 жылы психология және педагогика пәндерінен тест тапсырдым. Тестілеу барысы комиссия мүшелерінің жіті қадағалауында болды. Тест нәтижелері бойынша әңгімелесу бөліміне өтіп, жұмысқа орналастым. Тестілеу әділ және жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Jumys SmartNation бағдарламасымен жұмысқа орналасу мен үшін ыңғайлы және түсінікті болды. Jumys SmartNation бағдарламасы ұжымына алдағы жұмысында сәттілік тілеймін.
Есімім Санжар, киелі Түркістан қаласының тумасымын. 2018 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым. Мен сияқты, жұмысқа орналасу үшін “сыйақысы” немесе жоғарыда ешқандай “таныстары” жоқ қарапайым жігітке оңайға соққан жоқ.
Содан, осы сайтқа, яғни “Jumys-SmartNation” бос жұмыс орындар базасына көзім түсті. Басында сенімсіздігім басым болса да бағымды сынап көруге бел будым. Ақпан айында сайтқа тіркеліп, сынақ тестіне шақырту алдым. Бос жұмыс орны көрсетілген «Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік...
Мен, Мұратбекқызы Гүлмарал sitcen.kz бағдарламасы арқылы Кешкі мектеп- коммуналдық мемлекеттік мекемесіне іс-жүргізуші болып жұмысқа орналастым. Жұмысқа орналасу барысында sitcen.kz бағдарламасы бойынша 18.09.2018 жылы психология және педагогика пәндерінен тест тапсырдым. Тестілеу барысы комиссия мүшелерінің жіті қадағалауында болды. Нәтижесінде 60 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап беріп, келесі әңгімелесу кезеңіне жолдама алдым. Әңгімелесу кезеңінде мектеп директоры М.Божбанбаев, қалалық білім бөлімінен А.Искаков, Г.Тәңірбергенова, Р.Үрімова комиссия мүшелері болды. Бұл кезеңде 17 ұпайға ие болдым. Тестілеу әділ және жоғары деңгейде өтті деп...
Маған. Елемесова Азиза Мамытовна Jumys.sitcen.kz арқылы жұмысқа орналасу мен үшін өте ыңғайлы болды. Өзім армандаған жұмысыма қол жеткіздім. Қазіргі таңда Ағылшын тіл пән мұғалімі болып жұмыс жасаймын.
Мен, Қарсыбай Нұрмұханбет Жұмабайұлы jumys.sitcen.kz сайтына тіркелу арқылы тест тапсырып, өз мамандығым бойынша жұмысқа кірдім. Барлығы әділ өтті. Маған осы жүйе қатты ұнады. Қазір Математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын.
Мен, Көпбаева Құндыз Ибадуллақызы онлайн түрде тест тапсырмаларын ойдағыдай тапсырып, мамандығым бойынша жұмысқа қабылданғаныма қуаныштымын. Осы жүйе арқылы мұғалімдердің жұмысқа орналасуы ыңғайлы, әрі әділ жүйе екендігіне көз жеткіздім.