Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың басшыларын конкурстық орналастыру және тағайындау
Қызметті кім ала алады: Бос орынға жарияланған талаптарға сәйкес келетін үміткерлер
Конкурстық тағайындау/орналастыру үдерісі
1
Сізді қызықтыратын бос жұмыс орнын таңдаңыз
Лауазымға қойылатын талаптар мен шарттар тізбесімен танысыңыз және "Жіберу" батырмасын басыңыз
2
Келесі құжаттарды тіркеңіз:
- "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау ережесін бекіту туралы" бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш
- жеке басын куәландыратын құжат
- білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және фото
- алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік анықтама
- біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі
- денсаулық жағдайы туралы анықтама
- сотталмағандығы туралы анықтама
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама
- тестілеуден өткені туралы құжат (бар болса)
- білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы құжат
- білім беру ұйымдарын дамытудың перспективалық жоспары
3
Құжаттарды жіберіңіз және тексеру нәтижесін күтіңіз
"jumys.snation.kz" порталындағы жеке кабинетіңізге Сіздің бос жұмыс орнына жіберген өтінішіңіздің мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлама келеді.
4
Конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтіңіз
Жеке кабинетке конкурстық комиссиямен әңгімелесуге шақыру келеді
5
Біліктілік тестілеуін тапсырыңыз
Ұйымға (қандай ҰТО ұйымына?) тестілеуден өтуге өтініш беріңіз
6
Қамқоршылық кеңеске мектептің даму жоспарын таныстырыңыз
Жеке кабинетке шақыру мәтінімен хабарлама келеді
7
Білім Басқармасының комиссиясымен әңгімелесуден өтіңіз
Алдыңғы тармақтардағы сияқты әңгімелесу туралы ақпаратты Жеке кабинеттен алуға болады
8
Еңбек шартына қол қою
Еңбек шартына қол қоюға шақыру