Аймақты таңдаңыз
KZ RU
Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрін қабылдады

2019 жылдың 17 шілдесінде Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен тағайындау туралы нормативтік құжаттар дайындауды тапсырды. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа сондай-ақ, министрліктің қазіргі жұмыстары, негізгі бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет беріліп, Асхат Аймағамбетов білім саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті жаңа мемлекеттік бағдарламаның мазмұны мен осы құжатта шешілуге тиісті міндеттер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Ақпарат көздері:  www.edu.gov.kz