Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты Мұғалімге көмек Әдістемелік шеберхана: мұғалімге арналған теория мен тәжірибе

Ақпараттық ағын және жаңа технологиялар әлемінде Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесіндегі екпін сыни ойлау дағдыларын дамытуға негізделген: алынған білімді түсіну, талдау, бағалау, өмірде қолдану үшін жаңа білімді тиімді түсіндіру мен аргументациялау және синтездеу. Сіздердің назарларыңызға жеке білім беру бағдарын құру, кәсіби және мансаптық өсуді құрастыру, сондай-ақ оқытудың тиімділігі бойынша заманауи зерттеулер сияқты идеялар мен әдістер ұсынылады.

29450
1-дәріс. Дидактика: заңдылықтар мен қарым-қатынастар. 1-бөлім 78

Глоссарий

Дидактика – бұл оқыту процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін (оқыту заңдылықтары, қағидалары, әдістері) зерттеуге және ашуға, сондай-ақ оқытудың жаңа принциптерін, стратегияларын, әдістемелерін, технологиялары мен жүйелерін іздеуге және әзірлеуге бағытталған педагогика саласы.

Білім алу – бұл жаңа бағдарламалар мен одан әрі оқыту мақсаттарына сәйкес әртүрлі психологиялық қайта құрулар мен соған оқушылардың ішкі дайындығы.

Оқыту – білім беру стандартында күтілетін нәтижеге сәйкес келетін білім, білік және дағды жүйесі.

Көрнекілік қағидасы – көрнекілік ретінде берілетін ақпаратта нақтылық және дерексіздік арасындағы кеңістікті толтыру.

Жүйелілік қағидасы – жүйелілік ретінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін мақсатты түрде реттеу.

Шектеу қағидасы – білім алушылардың белсенділігі мен дербестігі немесе олардың педагогқа тәуелділігін шектеу.

Теория мен тәжірибенің өзара байланысы – оқытудың мақсаттары мен нәтижелері арасындағы қарым-қатынастың тиімділігі.

Қолжетімділік қағидасы – барлық білім алушылардың таным мен оқу процесінде қиындықтарды жеңу үшін жағдай жасау ретінде қолжетімділігі.

Қолдаушы оқыту – адамды күнделікті мәселелерді шешуге дайындауға негізделген және негізінен адам өмірі мен қызметінің қолданыстағы жүйесін қолдауға арналған.

Оқыту теориясы – «оқыту-оқу» негізгі дидактикалық қарым-қатынасты түсіндірудің және ашудың ең жоғары деңгейі болып саналады.

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
2-дәріс. Дидактика: заңдылықтар мен қарым-қатынастар. 2-бөлім 28

Глоссарий

Дидактиканың негізгі міндеті – өзара қарым-қатынасты оңтайландыру және туындайтын қайшылықтарды жеңу мақсатында оқу мен оқыту бірлескен процесін ұйымдастыру стратегиясын құрастыру.

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
3-дәріс. XXI ғасырдың білімі: трендтер мен инновациялар. 1-бөлім 24

Глоссарий

«Тәжірибеден теорияға» − зерттеулер, эксперименттер, мәселелерді шешу, содан кейін теория.

«Өмірге керек білім» – химиялық білім, өмірге керек білік және дағды. 

«Материалдық дүниенің бірлігі мен көптүрлілігі» – химиялық, білім мен іскерлікті ойлау, Білім әлемі туралы бірыңғай түсінікке байланыстыру: визуалды, аудиальды, кинестетикалық, дигиталдық.

«Әуестенумен оқыту» – академиялық білімді өмір қабатына ауыстыра отырып оқыту, өзара оқыту тәсілдерін, сыни, креативті және аналитикалық ойлауды дамыту стратегиясын пайдалана отырып, өмір сүру қабатына көшіру.

«Табыс жағдайы» – сыни және креативті ойлауды дамытумен біріктірілген танымдық іс-әрекеттегі табыс жағдайын жасау.

«Білім-өнім» – әрі қарай үздіксіз білім беру үшін және өмірде қолдану үшін құндылығы бар білімді өнімді басқару технологиясын қолдану.

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
4-дәріс. XXI ғасырдың білімі: трендтер мен инновациялар. 2-бөлім 18

 Глоссарий

Білім берудегі дербестік − бұл нақты оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын, әрқайсысына тән ақпаратты меңгерудің әртүрлі мүдделері мен тәсілдерін ескере отырып, оқыту процесін құру болып табылады.

Дербестік − саналы білім, өз бетінше білім алу және оқу үшін пәндерді таңдау мүмкіндігі.

  

 

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
5-дәріс. Сыни ойлауға үйрету. 1-бөлім 51

Глоссарий 

Сыни ойлаудың негізгі дағдыларының тізімі − бақылау, түсіндіру, талдау, қорытынды, бағалау, түсіндіру, метатаным.

Сыни ойлау психологиясы − негізделген қорытындыларды тұжырымдай отырып, заттар мен оқиғаларды талдау үшін пайдаланылатын және негізделген бағалауды, түсіндіруді шығаруға, сондай-ақ алынған нәтижелерді жағдайлар мен проблемаларға дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін пайымдаулар жүйесі.

Сын тұрғысынан ойлау − өзінің ой-өрісін бағалай білу және кез келген субъекті үшін шынайы, ашық, дәйекті, талдауға қабілетті, ой-пікірге сенімді және шешім қабылдауға ақылға қонымды болу ниетін оқыту мен дамытуды болжайды.

 

 

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
6-дәріс. Сыни ойлауға үйрету. 2-бөлім 22

Глоссарий

Сыни ойлау − бақылау, тәжірибе, ойлау немесе пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеу үшін тәртіптік тәсілі.

Блум таксономиясының мақсаты − педагогтарды оқытудың тұтас түрін құру мақсатында барлық аталған үш салада күш-жігерді шоғырландыруға және назар аударуға ынталандыру.

Білім − фактілерді, шарттарды, негізгі тұжырымдамаларды және жауаптарды көрсету арқылы алдыңғы материалды есте сақтау процесін растау.

Түсіну − материалды бір түрден екіншісіне түрлендіру, материалды интерпретациялау, құбылыстардың, оқиғалардың одан кейінгі барысы туралы болжам жасау.

Қолдану − әртүрлі нұсқаларда жаңа білімді, әдістер мен ережелерді пайдалану.

Талдау – оның мәнін жақсы зерделеу немесе ойластыру үшін тұтас объектіні ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу процесі.

Синтез – бұрын бөлінген ұғымдарды тұтас етіп біріктіру процесі.

Бағалау (Эволюция) – белгілі бір өлшемдер мен стандарттар негізінде объектінің қадір-қасиетін, жеткіліктілігін, құндылығын, маңыздылығын және басқа да сипаттамаларын айқындау процесі.

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
7-дәріс. Педагогикадағы конструктивизм 15

Глоссарий 

Білім берудің мақсаты – сыныптан тыс жағдайларда білімді қолдану мен пайдалануды қамтамасыз ете отырып, оқушының пәнді неғұрлым іргелі біліміне қол жеткізуіне септігін тигізеді.

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.
8-дәріс. Педагогикалық психологияның жас ерекшеліктері 19

Глоссарий

 

 

Жас ерекшелік психологиясы − бұл онтогенездегі психиканың даму теориясы.

Жақын даму аймағы − бұл ересектердің басшылығымен шешілетін міндеттердің көмегімен анықталатын, баланың өзекті даму деңгейі мен мүмкін даму деңгейі арасындағы қашықтық.

 

 

Назар аударыңыз! Бейнені көру үшін Сіз тіркелген пайдаланушы және тиісті құқықтарға ие болуыңыз керек.